16.06.2008, 13:23 1567

Көкшетауда салынып жатқан Спорт сарайында өрт шықты

Көкшетауда салынып жатқан Спорт сарайында өрт шықты

Көкшетау. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда жексенбі күні таңертең салынып жатқан Спорт сарайында өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, өрттің шығуына дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу себеп болған.

Жалын 500 шаршы метрден астам шатырды зақымдады. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Құрылысшылар өртті өз күштерімен сөндірмек болып, өрт туралы хабарды өрт тұтанғаннан бір сағаттан кейін ғана беруге байланысты оны сөндіру қиынға соқты. Сондай-ақ, қою түтін де оны ауыздықтауға кедергі келтірді. Өртпен күреске Ақмола облысының жақын аудандарынан қосымша техника жұмылдырылды. Өртке жоғары күрделілік дәрежесі берілді.

Нысаннан екі жүзден астам адам шығарылды. Қатты түтінге байланысты сол маңдағы үйлердің тұрғындарына өз пәтерлерінен шыға тұру ұсынылды.

Құрылыс нысаны 2006 жылы салына бастаған. Оны пайдалануға беру мерзімі бірнеше мәрте кейінге шегерілді. Сәуір айында құрылысшылар нысанды Нұрсұлтан Назарбаевтың туға күніне дейін салып бітіруге уәде берген. 2007 жылдың жазында өзінің жұмыс сапары кезінде мемлекет басшысы нысандардың арасынан бірінші осы Спорт сарайына келген болатын.

Бұл жерде мұзды алаң, екі жүзу бассейні, жаттығу залдары мен екі мың адамға арналған трибуналар салынуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны