01.06.2011, 13:25 3241

Көкшетауда жаңа салынып жатқан қалалық аурухананың ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар түсті

"31 мамыр сағат 19.15-те ІІД пультіне жаңадан салынып жатқан қалалық емханаға жарылғыш зат қойылғандығы туралы жасырын хабарлама келіп түсті", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Астана. 1 - маусым. Kazakhstan Today - Көкшетауда жаңа салынып жатқан қалалық аурухананың ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысы ішкі істер департаментіне құрылысы әлі аяқталмаған емханаға мина қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"31 мамыр сағат 19.15-те ІІД пультіне жаңадан салынып жатқан қалалық емханаға жарылғыш зат қойылғандығы туралы жасырын хабарлама келіп түсті", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнына шұғыл әрекет ету қызметкерлері, соның ішінде: 18 жеке құрылым қызметкері мен Ақмола облысы ТЖД-нің 3 техникасы жөнелтілді.

Арнайы жүргізілген шаралар барысында жарылғыш зат табылмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны