25.01.2011, 14:19 3643

Көкшетауда жарылған су құбырының салдарынан 5 үйдің жертөлесін су басып қалды

Көкшетауда жарылған су құбырының салдарынан 5 үйдің жертөлесін су басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетау. 25 - қаңтар. Kazakhstan Today - Көкшетауда жарылған су құбырының салдарынан 5 үйдің жертөлесін су басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агеніттігінің хабарлауынша, "Көкшетау Су Арнасы" мемлекеттік мекеме басшысы Бақытжан Ахметовтың айтуынша, бұрын жөндеу көрмеген ірі мөлшерлі су құбыры түн мезгілінде жарылып, су сыртқа ағып кеткен.

Қазір апатты аймақта арнайы 12 техника мен 27 маман іске жұмылдырылған. Үш су сорғыш көлігі жекеменшік үйлердің жертөлелерін жиналып қалған ағын сулардан арылтуда. Алдын ала белгілі болып отырғандай, ағын су төңіректегі бес үйдің жертөлесін, көршілес медицина училищесі мен жатақхананың аулаларын басып, бірнеше көше бойында ағын су жайылып, қақаған аязда көк айдынға айналып кеткен.

Бұрын хабарлағанымыздай, 25-қаңтар күні сағат 6.30 Көкшетауда су құбыры жарылып, екі ықшамауданның тұрғындары сусыз қалған болатын.

Қаланың Капцевич және Глинин көшелерінің қиылысында 700 миллиметрлік негізгі су жеткізу магистралі жарылған. Қазір апаттың болу себебі анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны