15.09.2009, 16:00 2805

Көкшетауда жол полициясының көлігі қатысқан жол апатының салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді

Көкшетауда жол полициясының көлігі қатысқан жол апатының салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді

Көкшетау. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Көкшетауда жол полициясының көлігі қатысқан жол апатының салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Көкшетау қаласында кешкі 19 сағат 30 минутта Ақан сері мен Кенесары көшелерінің қиылысында "Ниссан" көлігінің жүргізушісі қалалық ішкі істер басқармасының "ВАЗ-2107" патрульдік жеңіл көлігімен және "Хюндай" көлігімен соқтығысып қалған. Соның салдарынан "Ниссан" көлігінің жолаушысы оқиға орнында жан тапсырып, полиция қызметкері мен екінші көлік жүргізушісі әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір тергеу амалдары жалғастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны