01.10.2010, 13:39 2911

Көкшетаудағы тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат қойылды деген хабардан кейін оның 26 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді

Көкшетаудағы тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат қойылды деген хабардан кейін оның 26 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 1 - қазан. Kazakhstan Today - Көкшетаудағы тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат қойылды деген хабардан кейін оның 26 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше, 30-қыркүйек күні сағат 21.07 Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау шалып, Елемесов көшесі, 67 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің пәтерлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған.

Хабар келіп түскеннен кейін оның 26 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Бірақ арнайы іс-шаралардан кейін жарылғыш зат табылмады.

Төтенше жағдайды жою үшін ҚР ТЖМ Ақмола облысты ТЖД 5 қызметкері мен 1 техникасы, шұғыл әрекет ету қызметінің 30 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны