02.03.2011, 16:15 4756

Колумбияда ақша артылған тікұшаққа қарақшылық шабуыл жасалды

Колумбияда ақша артылған тікұшаққа қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 2 - наурыз. Kazakhstan Today - Колумбияда ақша артылған тікұшаққа қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Колумбия астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 400 шақырымдағы Калото қаласында белгісіз біреулер Аграрлық банктің ақша салынған тікұшағына шабуыл жасаған.

Соның салдарынан лты адам қаза тапты.

Полиция өкілдерінің айтуынша, тікұшақ ұшу-қону алаңы ретінде пайдаланылатын футбол алаңына қона салысымен, қылмыскерлер автоматтармен атқылап, гранатамен шабуылдаған. Төрт тәртіп сақшысы мен екі азаматтық тұлғаны атып өлтірген қылмыскерлер ақшаны ұрлап, қашып кеткен.

Алдын-ала жасалған болжам бойынша, шабуылды Колумбияның революциялық қарулы күштері тобының "алтыншы майдан" бөлімі ұйымдастырған. Дегенмен, полиция бұл қылмыстық топтың әрекеті болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны