15.04.2011, 14:46 3358

Колумбияда жолаушылар автобусы лай көшкінінің астында қалып, 14 адам қаза тапты

Колумбияда жолаушылар автобусы лай көшкінінің астында қалып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Колумбияда жолаушылар автобусы лай көшкінінің астында қалып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға елдің шығысындағы Багата мен Манисалес қалаларын байланыстыратын күре жолда болған.

Жалпы автобус ішінде 18 адам болғаны анықталды. Тағы 4 адамның тағдыры әзірге белгісіз. Толастамай жауған жаңбырдың кесірінен жүрген лай көшкіні автобусты бір шақырым қашықтыққа алып кеткендіктен, іздестіру жұмыстары қиынға түсуде. Қазір оқиға орнында 75 құтқарушы істеп жатыр.

Колумбияда сәуір айынан маусымға дейін және қарашадан желтоқсанға дейін толастамай жаңбыр жауады. Былтыр Колумбияда нөсер жауынның салдарынан 345 адам қаза тауып, екі миллионға жуық адам зардап шеккен. Ал 1 миллион гектар жерді су басып кеткен еді.

Photo: mir24.tv

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны