23.03.2011, 15:29 2901

Конгодағы әуе апатының құрбандарының саны 23 адамға жетті

Алдын ала берілген ақпараттарға сүйенсек, Конгодағы әуе апатының құрбандарының саны 23 адамға жеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 23 - наурыз. Kazakhstan Today - Алдын ала берілген ақпараттарға сүйенсек, Конгодағы әуе апатының құрбандарының саны 23 адамға жеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Конго республикасының Пуэнт-Нуар қаласында Ан-12 жүк ұшағы апатқа ұшыраған жерде ұйымдастырылған жұмыстар әлі де жалғасуда. Ұшақ құлаған жерді полицейлер мен әскерилер қоршауға алған. Естеріңізге сала кетсек, ұшақ әуежайға жақын қалған кезде Конгоның экономикалық астанасы саналатын қаланың үстіне құлаған болатын.

Бұрын хабарлағанымыздай, мерт болғандардың ішінде 3 ресейлік пен 1 Қазақстан азаматы бар. Зардап шеккендер саны 14 адамға жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны