Система Orphus

Конькимен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды

19.07.2018, 19:27 4056

Алматы. 19 шілде. Kazakhstan Today - Сочи Олимпиадасыныӊ жүлдегері, конькимен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды.

Машинасыныӊ айнасын ұрламақ болған ұрылардыӊ үстінен түсіп, пышақталған спортшы ауруханада көз жұмды. Оқиға бүгін, 19 шілдеде шамамен 15.00-де Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерініӊ қиылысында болған. Ол оӊ жақ саныныӊ жоғарғы тұсынан жарақат алған. Қазір шабуыл жасалған жерде полицейлер зерттеу жүргізіп жатыр.

Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексініӊ 99 -бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп Алматы қалалық ІІБ хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны