14.06.2013, 10:46 3157

Көпірден өзенге жеңіл көлік пен жүк көлігі құлап кетті

Оңтүстік Қазақстанда көпірден Арыс өзеніне екі көлік құлады, соның салдарынан екі адам қаза болды, бір адам жарақат алды, деп хабарлады жұмада Қазақстанның ТЖМ.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Көпірден өзенге жеңіл көлік пен жүк көлігі құлап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстанда көпірден Арыс өзеніне екі көлік құлады, соның салдарынан екі адам қаза болды, бір адам жарақат алды, деп хабарлады жұмада Қазақстанның ТЖМ.

Ведомствоның деректеріне қарағанда, кеше кешке Арыс өзені арқылы өтетін көпірде "Фольксваген" мен "Хова" жүк көлігі соқтығысып, суға құлаған.

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі және ондағы жолаушы қаза болған, жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алғандықтан ауруханаға жатқызылған.

Министрліктен атап өткендей, "Фольксваген" жүргізушісінің денесін судан полиция қызметкерлері алып шыққан, жолаушының денесін сүңгуірлер іздеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны