23.05.2013, 13:07 7076

Кореяда ер азамат 10-қабаттан секіріп кетіп, 7 жасар қызға құлаған

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның портты қаласы Пусанда 40 жасар ер азамат өмірімен қош айтысып, 10-қабаттан секіріп кеткен. Қайғылы оқиға ер адамның ғана емес, жазықсыз 7 жасар қыз баланың өмірін қоса жалмаған. Секіріп кеткен жігіт үй астынан өтіп бара жатқан қыздың үстінен құлаған, деп хабарлайды AFP.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Кореяда ер азамат 10-қабаттан секіріп кетіп, 7 жасар қызға құлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның портты қаласы Пусанда 40 жасар ер азамат өмірімен қош айтысып, 10-қабаттан секіріп кеткен. Қайғылы оқиға ер адамның ғана емес, жазықсыз 7 жасар қыз баланың өмірін қоса жалмаған. Секіріп кеткен жігіт үй астынан өтіп бара жатқан қыздың үстінен құлаған, деп хабарлайды AFP.

Хабарламада атап өткілгендей, тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен ер адамның есімі Ян екен. Ол жерге құлаған күйі сол жерде көз жұмды. Ал сол үйдің астынан әкесімен бірге өтіп бара жатқан жеті жасар қыз бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ қанша тырысқанымен, дәрігерлер қаршадай қыздың өміріне араша түсе алмады.

Пусан полиция өкілдері мәлім еткендей, депрессияға шалдыққыш Ян бұған дейін психикалық ауытқуымен дәрігерлердің тіркеуінде болған екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны