Система Orphus

"Қорғас" бекетінде туристердің атына контрабандалық жүктерді рәсімдеген, құрамына кеден және туристік фирма қызметкерлері кіретін қылмыстық топ анықталды

06.09.2007, 15:49 3020

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. "Қорғас" кеден бекетінде елге келген туристердің атына контрабандалық жүктерді рәсімдеген, құрамына кеден және туристік фирма қызметкерлері кіретін қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қытай Халық Республикасының өндерген ондаған миллион теңгенің тауарын осы елге турист ретінде келген 170 жеке тұлғаның атынан "кубовщиктер" деп аталатын делдалдар тасымалдаған. Сондай-ақ туристер олардың атынан кедендік операциялардың жасалынып жатқандығын білмеген",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Кедендік комитеттегі мәліметтерге сүйенсек, қылмыстық топтың құрамына 11 адам кірген, олар туристік топтардың Қытайға жасайтын сапарларын ұйымдастырып отырған. "Қылмыстық схеманы пайдалана отырып, аталмыш тұлғалар туристердің арасында бөлініп, жеңілдщетілген тәртіппен кедендік кіріс ордерлерімен Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарға кедендік жүк декаларциясын рәсімдемеген",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, қылмыстық әрекеттің салдарынан "мемлекеттік бюджет 698 млн теңгеден қағылып қалған".

Баспасөз қызметінедегілердің түсіндіруінше, Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша (кедендік төлемдер мен салықтар төлеуден жалтару) қылмыс жасады деген күдікпен қозғалған қылмыстық істің негізінде Қазақстан азаматы мен осыған мүмкіндік берген "Қорғас" кеденінің қызметкері ұсталған. "Тергеу жұмыстары жалғасуда, жақын күндері тағы бірқатар кедендік органдардың лауазымды тұлғалары мен аталмыш экономикалық қылмысты жасауға қатысы бар адамдар құрықталады",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Кеденшілер түсіндіріп өткендей, аталмыш қылмыс "Челноки" деп аталған арнайы іс-шарасы барысында ашылған. Жалпы бұл шараның бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасының кедендік органдары сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың үстінен кедендік төлемдер мен жинақтарды төлеуден жалтарғандығы үшін төрт қылмыстық іс қозғап, "Қорғас" кеденінің лауазымды тұлғаларының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316-бабында қарастырылған (лауазымды тұлға өзінің міндеттерін тиісінше орындамау, немқұрайдылық) қылмыстарының белгісімен үш қылмыстық іс қозғаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны