24.01.2012, 11:14 3083

Коста Конкордия/екі адам/ денесі табылды

Италияның Джильо аралы маңында суға батып кеткен Коста Конкордия кемесінен тағы да екі адамның мәйіті шығарылды. Қазір апат құрбандарының саны 15 адамға жетіп отыр.

Коста Конкордия кемесінен тағы екі адамның денесі табылды

Алматы. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Коста Конкордия кемесінен тағы екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Италияның Джильо аралы маңында суға батып кеткен Коста Конкордия кемесінен тағы да екі адамның мәйіті шығарылды. Қазір апат құрбандарының саны 15 адамға жетіп отыр.

Екі әйелдің денесі төртінші палубадағы интернет-кафе орналасқан бөлмеде табылған. Құтқарушылар із-түссіз жоғалып кеткен тағы да 18 адамды іздестіруде. Ауа райының бұзылуынан кемедегі құтқару жұмыстары бірнеше рет уақытша тоқтатылған болатын. Кеменің кейбір бөлімдеріне жол ашу үшін әскери сүңгуірлер жарылғыш заттарды қолдануға мәжбүр болды. Италия үкіметі кеменің барлық бөліктері тексерілмейінше, іздестіру жұмыстарын доғармайтынына уәде берді.

Сонымен қатар, Коста Конкордиядан жанар май шығару операциясы басталады. Бұл жұмысты Курск сүңгуір қайығын теңіз түбінен көтерген голландиялық Смирт компаниясы жүргізеді. Италия үкіметі мен экологтар кемеде бар 2 мың 300 тонна жанар май теңізге ағылып, экологиялық апатқа әкелуі мүмкіндігінен қауіптенуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны