24.11.2006, 10:29 2485

Қостанай облысында 16 пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті; құрбан болғандар бар

АСТАНА. 24-қараша. Kazakhstan Today. Қостанай облысы Қарабалық ауылында 16 пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті; құрбан болғандар бар. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 22-қарашада қарабалық ауылында 2 подьезді бар, 2 қабатты 16 пәтерлі үйде өрт шыққан. Ондағы 6 пәтерде 24 адам тұрады. Өрт 444 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрттен үй толық отқа оранып, екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өрт 23-қараша күнә таңертең сөндірілді. Өрт орнынан екі адамның мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 24 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны