29.01.2009, 15:34 1408

Қостанай облысында алтыншы сыныпта оқитын қыз жетінші сыныпта оқитын қызды балғамен жарақаттады

Қостанай облысында алтыншы сыныпта оқитын қыз жетінші сыныпта оқитын қызды балғамен жарақаттады

Қостанай. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында алтыншы сыныпта оқитын қыз жетінші сыныпта оқитын қызды балғамен басынан және бетінен көп жерден жарақаттады. Бұдан кейін шабуылшы қыз қылмыс қаруын тастап, жайына кете барған, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Костанайские новости" газетіне сілтеме жасап.

"Қылмысқа барған қыз - кедей отбасынан, қатал, ожар мінезді, адуынды. Ал оның құрбаны - оған қарама-қарсы мінезді. Жайлы, ауқатты отбасынан шыққан, сабақты жақсы оқиды. Иулиекөл АІІБ қызметкерлерінің пікірінше, осы ауқаттылық қыздың қызғанышын, келе-келе оның жеккөрушілігін тудырған", - деп жазады басылым.

Соққыдан кейін қыз біраз уақыт жерде жатып, сосын жарылған басымен үйіне жеткен. Қазір қыз емдеуден өтуде, оның басы алты жерден тігілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны