27.12.2011, 12:49 3999

Қостанай облысында енесін өлтірген қылмыскер ұсталды

Қостанай облысында қайын енесін өлтірді деген күдікпен ресейлік азамат ұсталды.

Қостанай. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қостанай облысында енесін өлтірген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қостанай облысында қайын енесін өлтірді деген күдікпен ресейлік азамат ұсталды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің сейсенбідегі ақпарына қарағанда, оқиға Қарабалық ауданының Боскөл ауылында болған.

"26 жастағы ресейлік ұлымен кездесу үшін енесіне қонаққа келген. Жігіт Жаңа жыл қарсаңында енесімен татуласпақ болған көрінеді", - деп атап көрсетілген хабарламада.

"Масаң күйеу бала мен ененің әңгімесі жараспай, өзара керісіп қалады. Жігіт қарт әйелді басынан тақтаймен тоқпақтап, содан соң электр сымымен буындырып өлтірген", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, күдікті марқұмның үйінен 3500 теңге, қол сөмек, косметика мен 3,5 келі ет ұрлаған.

"Үш жасар баламен бірге қашып кетпек болған күдікті "Боскөл" станциясында қолға түсті.

Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін толық мойындады, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны