30.06.2006, 10:18 7349

Қостанай облысында ғимаратты бұзу барысында екі адамды плита басып қалу салдарынан біреуі қаза тапты

АСТАНА. 30-маусым. Kazakhstan Today. Қостанай облысы Арқалық қаласында ғимаратты бұзу барысында екі адамды плита басып қалу салдарынан біреуі қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 29-маусымда 14 сағат 42 минутта бес қабатты үйді рұқсатсыз бұзу барысында плита құлаған. Соның салдарынан екі адам, соның ішінде 13 жасар жасөспірім үйінді астында қалды.

Апаттан құтқару шараларының барысында 15 сағат 50 минутта зардап шеккен бір адам үйінді астынан шығарып алынды. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жасөспірім оқиға орнында қаза тапты.

Апаттан құтқару жұмыстарына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 6 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны