26.05.2016, 21:31 9841

Қостанай облысында қарағайлы орманда тұтанған өртті сөндіріп жатыр

Қостанай облысыныӊ Иулиекөл ауданында қарағайлы орманда өрт шықты. Өртті сөндіруге бірнеше өрт сөндіруші мен Құсмұрын стансасынан өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қостанай облысыныӊ Иулиекөл ауданында қарағайлы орманда өрт шықты. Өртті сөндіруге бірнеше өрт сөндіруші мен Құсмұрын стансасынан өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

25 мамыр сағат 15.00 шамасында Иулиекөл ауданыныӊ Новоонеженка кентінен бірнеше шақырым жердегі қарағайлы орманда өрт шықты. Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіруші, Құсмұрын теміржол стансасынан өрт сөндіру пойызы келіп жетті. Түн ортасында өрт ауыздықталды. Бүгінгі таӊда өрттіӊ жайылу аумағы 21 гектарды құрайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қазір өрт орнында 148 адам жұмыс істеп жатыр. 31 цистерна, 1 жетектегіш, 4 шалғылы трактор, бензинтасығыш, 5 сутасығыш, Құсмұрын кенті стансасыныӊ өрт сөндіру пойызы, 32 жедел-қызмет автокөліктері жұмылдырылды", - деді Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасыныӊ баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт отты абайсыз пайдаланудан тұтанған.

"Өрттіӊ өршуіне ауа райыныӊ ыстық, аздаған желдіӊ әсері болды. Қазіргі таӊда облыс басшылығы мен ТЖД қызметкерлері өрт болған орман алқабын әуеден тексеріп жатыр. Орманды алқаптыӊ айналысында топырақты жырту жүргізілді. Адамдарға қауіп жоқ", - деді аймақтық ТЖ жөніндегі басқарманыӊ басшысы Талғат Кәкімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны