02.09.2009, 12:01 2590

Қостанай облысында кәсіпкердің көлігінен 10 млн астам теңге ұрланды

Қостанай облысында кәсіпкердің көлігінен 10 млн астам теңге ұрланды

Алматы. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қостанай облысында кәсіпкердің көлігінен 10 млн астам теңге ұрланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 тамызда Гоголь көшесіндегі "Бородинский" дүкенінің маңында "Фольксваген-Туарег" көлігінен 10 млн астам теңге тоналды", - деп хабарлайды криминалдық полиция қызметкері, майор Рамаш Шыжбанов.

Полиция майорының хабарлауынша, "51 жастағы кәсіпкер "АТФ Банктегі" депозитінен ақша алған. Шығын көлемі 10 млн 32 мың теңгені құрады".

"Мұндай ірі көлемдегі ұрлықты тексеру үшін арнаулы жедел тергеу тобы құрылды, топтың анықтағанындай, кәсіпкер қолма-қол ақшаны банктен алған соң ресей рублін сатып алу үшін бірнеше ақша айырбастау орнына барған. Бұдан кейән су сатып алу үшін дүкенге келген. Осы кезде көліктің есігінің әйнегін сындыру арқылы ақша қолды болды. Бұл оқиға қас-қағым сәтте жасалған", - дейді Р. Шыжбанов.

Криминалдық полиция қызметкерінің айтуынша, бұл - биылғы аса ірі көлемдегі ұрлық оқиғасы. Осыдан екі жыл бұрын Қостанайда "Бүркіт" базарының жанындағы автокөліктен 6 млн теңге ұрланған болатын. Полиция біраз уақыттан кейін тараз қаласының 1982 жылғы тумасын күдікті ретінде ұстап, ол сотталған болатын.

Полицияның айтуынша, мұндай қылмыстарға жәбірленушілердің өздерінің бейқамдығы себепкер. "Ірі көлемдегі ақшаны тасымалдаған кезде күзет қызметіне жүгіну, немесе, қарапайым сақтық шараларын қолдану қажет", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны