27.05.2010, 11:33 1250

Қостанай облысында қорадағы өрттен 119 бас ұсақ мал қырылды - ТЖМ

Қостанай облысында қорадағы өрттен 119 бас ұсақ мал қырылды - ТЖМ

Астана. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Қостанай облысында қорадағы өрттен 119 бас ұсақ мал қырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қарасу селолық округінің Қатон қыстауында 25-мамыр күні сағат 17.17-де мал қора мен былтырдан қалған пішен өртенді.

Өрт аумағы 520 шаршы метрді қамтыды. Соның салдарынан 119 бас ұсақ мал қырылып қалды.

Өрт келесі күні сағат 13.15-те сөндірілді. Оның ауыздықтауға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі мен ерікті өрт сөндірушілер жасағы атсалысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны