30.12.2008, 09:44 1636

Қостанай облысында өзеннен өтпек болған бір көлік мұздың астына түсіп кетуі салдарынан үш адам суға батып кетті

Қостанай облысында өзеннен өтпек болған бір көлік мұздың астына түсіп кетуі салдарынан үш адам суға батып кетті

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Қостанай облысында өзеннен өтпек болған бір көлік мұздың астына түсіп кетуі салдарынан үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қостанай облысының Жанкелді ауданы Ақкөл ауылында 27 желтоқсанда сағат 18.30-да Жыланшық өзенінен өтпек болған "УАЗ" көлігі мұздың астына түсіп кетті. Соның салдарынан 51 жастағы жүргізуші мен оның екі жолаушысы: 25 және 19 жастағы жігіттер қаза тапты. Олардың денелерін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны