12.02.2010, 16:41 4858

Қостанай облысында тәртіп сақшысы кісі өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айрылды

Қостанай облысында тәртіп сақшысы кісі өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айрылды

Қостанай. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Қостанай облысында Жетіқара аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке жетпегендер ісі жөніндегі инспекторы Қайрат Ақылбаев кісі өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айрылып, жазаны қатаң тәртіптегі абақтыда өтейтін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жетіқара аудандық сотының канцеляриясына сілтеме жасап.

Іс материалдарында атап көрсетілгендей, Жетіқара ауданында тұратын 58 жастағы РФ азаматы Владимир Санников ертеректе тәртіп сақшысының туысы Байтышевке өз пәтерін үстеме ақымен жеркепеге алмастыратынын айтқан. Алайда, оны алмастыруға онда Қазақстан құжаттарының жоқтығы кедергі келтірген. Көмектесемін деп уәде берген Байтышев Владимир Санниковтың пәтердің қожайыны болған анасының қайтыс болғаны туралы куәлігін, үйдің жоспарын алып, әділет басқармасына кетеді. Бірақ ол үшін В. Санниковтың жеке тұлғасын анықтау қажет болады. Бұған көмектесуге Қ. Ақылбаев келіседі.

2009 жылдың 19 тамызында Қ. Ақылбаев ВАЗ-21093 көлігімен В. Санниковтың үйіне келеді. "Ішкі істер бөліміне барып жеке тұлғаны анықтау қажет деген сылтаумен инспектор Санниковты пәтерден алып шығады. Бірақ оны орманға алып кетеді, ал ол жерде, айыптаушылардың жорамалы бойынша, екі ер адамның арасында жаңжал туады. Оның соңы төбелеске ұласып, оқиға Санниковтың өлімімен аяқталады. Сараптаманың қорытындысы бойынша, жәбірленушінің барлық қабырғалары сынған", - делінген қылмыстық іс материалдарында.

Қостанай облыстық ІІД ақпаратына сәйкес, В. Санниковтың мәйітін 21 тамызда Жетіқара қаласынан бірнеше шақырым жерде қарағай орманынан табылды. Күдікті сол күні ұсталды.

Соттың үкімімен Қ. Ақылбаев кісі өлтірген айыпкер деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айрылып, жазаны қатаң тәртіптегі абақтыда өтейтін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны