28.02.2008, 12:20 2248

Қостанай облысында төрт тәулікте жолдардағы қар құрсауынан 1054 адам мен 357 автокөлік құтқарылды

Қостанай облысында төрт тәулікте жолдардағы қар құрсауынан 1054 адам мен 357 автокөлік құтқарылды

Қостанай. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының аумағында күшті боран ақпанның 23 мен 28 аралығында автокөліктердің қозғалысында іркіліс тудырды. Төрт тәулікте жолдардағы қар құрсауынан 1054 адам мен 357 автокөлік құтқарылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Арқалықта боран 20 ақпан, сәрсенбіде басталды. 21 ақпан күні таңертең барлық оңтүстік өңірлерде автокөліктің қозғалысы тоқтатылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 40 метрге жеткен. Боран кезінде жуырда ғана жөндеуден өткен аймақтық аурухана, мектеп пен мәдениет сарайының шатырлары жұлынды.Тоқ пен телефон байланысы үзілді. Бір ұялы байланыс операторының желісі толық үзілді.

"22 ақпанда Арқалық түбінде Арқалық - Торғай тас жолының 22-ші шақырымында құтқарушылар 20 ақпанда қала тұрғындары ауданға туыстарын жерлеу рәсіміне мініп шыққан автобусты тапты. 18 адам екі күн бойы дәнекерлегіштің отына жылынған. Автобуста болған алты әйел жетпістен асқан кейуаналар екен. Жолаушылардан ешкім күрделі зардап шеккен жоқ", -деп хабарлайды Арқалық аудандық әкімшілігіндегілер.

Сондай-ақ, "25 ақпанда Алтынсарин ауданында Алексеевка және Осиповка ауылдарының арасында бірден 40 автокөлік құрсауда қалды, олар жергілікті шаруалар мен биліктің күшімен құрсаудан шығарылды", - деп хабарлайды аудандық әкімшіліктегілер.

"Қостанайда желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен. 23 ақпанда барлық жолдар жабылып, жолдардағы көріну қашықтығы 1,5 метрден аспай қалды", -деп хабарлайды әкімшіліктегілер. Қаладан шығатын жалғыз тәсіл - темір жол транспортын пайдалану. Қала көшелеріндегі қардың биіктігі метрге жеткен. Тоқ үзіле бастады. "Облыс аумағында боран соққан төрт күнде электр жалғаастыру желілері үзілген 211 оқиға тіркелді", -деп хабарлайды "Қостанай энергетикалық орталығы" ЖШС бас инженері Гумбат Иманов.

Боран кезінде Қостанай облысында, синоптиктердің мәліметінше, "үш айдағы нормадай ылғал түсті". Қазір барлық жолдар ашылды, бірақ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, "тұрақсыз күн райы 2 наурызға дейін созылуы мүмкін".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны