12.11.2009, 09:39 1584

Қостанай облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Қостанай облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 12 қараша. Kazakhstan Today - Қостанай облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Меңдіқара ауданындағы бір ауылда Қазыбаев көшесінде болған. Бір қабатты екі пәтерлі үйде 11 қарашада сағат 03.14-те 120 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 49 жастағы ер адам мен 48 жастағы әйелдің мәйіттері табылды. Өрт Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 5 адамының күшімен 05 сағат 03 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны