02.09.2007, 10:07 1553

Қостанай облысында үш тәуліктен бері орман өртеніп жатыр

Қостанай облысында үш тәуліктен бері орман өртеніп жатыр, облыстың бір ауданы түгелдей жалынға оранды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. ҚОСТАНАЙ. Қостанай облысында үш тәуліктен бері орман өртеніп жатыр, облыстың бір ауданы түгелдей жалынға оранды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 30 тамызда түс әлетінде Алтынсарин ауданындағы Красный Кардон ауылынан 10 шақырымдағы Арқарағай орман шаруашылығында басталған. Қазіргі жағдаймен 4000 гектарға жуық орман массивін өрт шалып отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, тілсіз жауды ауыздықтауға 2,2 мың адам, соның ішінде өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары жұмылдырылған. Барлығы 120 техника, соның ішінде өрт сөндіруші үш поезд пен бір тікұшақ тартылған. Облыс әкімі өрт шыққан жерде жүр.

Қолданылып жатқан барлық шараларға қарамастан, от жайыла түсуде. Бұған облыста екі аптадан бері созылған аптап ыстық әсер етуде. Ауаның температурасы 35 градусқа жетуде. Ал 31 тамыз күні тістен кейін жел шықты. Бұл өрттің тез таралуына алып келді.

Соңғы мәліметке сәйкес, жалынды жартылай ауыздықтауға мүмкіндік туған. Изірге шығын көлемін есептеу мүмкін болмай отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны