19.06.2009, 10:05 1290

Қостанай облысында және Петропавловск қаласында екі ер адам өзенге батып кетті

Қостанай облысында және Петропавловск қаласында екі ер адам өзенге батып кетті

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында және Петропавловск қаласында екі ер адам суда жүзіп жүріп, өзенге батып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Қостанай облысының Таранов ауданы Тарановское ауылында 18 маусымда сағат 16.00 -де Аят өзеніне 31 жастағы жігіт батып кетті. Мәйітті жергілікті тұрғындар шығарып алды.

Сондай-ақ, Петропавловск қаласының Борки ауылы маңында 18 маусымда сағат 18.45-те Есілге 40 жастағы ер адам батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны