19.08.2009, 10:01 1319

Қостанай облысында жол апатынан "Астық одағының" вице-президенті қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан "Астық одағының" вице-президенті қаза тапты

Қостанай. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Қостанай облысында жол апатынан "Астық одағының" вице-президенті қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18-ші тамыз күні түнде Қостанай облысының Қамысты ауданында Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 289-шы шақырымында жол апатынан "Астық одағының" вице-президенті Мұрат Аманбаев қаза тапты. Ол Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ақпараттандыру орталығы төрағасының орынбасары Д.Құлмағанбетовпен бірге Ақтөбе облысына кетіп бара жатқан.

Апат орнында "Субару Форестер" көлігінде отырған 31 жастағы жолаушы қаза тапты. Көлік тізгінінде отырған ақпараттандыру орталығы төрағасының орынбасары ауыр жарақаттармен Қамысты аудандық ауруханасына жеткізілді.

Бастапқы жорамал бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік жолдың шетіне шығып аударылып қалған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 296-шы бабы (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда кісі өліміне әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны