19.08.2009, 09:42 1323

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі жарақаттанды

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі жарақаттанды

Астана. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысының Қамысты ауданында Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 289-шы шақырымында 18 тамызда сағат 00.30-да "Субару" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.

Апат салдарынан 31 жастағы жүргізуші мен 55 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тауып, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны