09.10.2009, 11:41 1631

Қостанай облысында жол апатынан үш полиция қызметкері қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан үш полиция қызметкері қаза тапты

Қостанай. 9 қазан. Kazakhstan Today - Қостанай облысында жол апатынан үш полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін таңертең сағат 06.15-те Рудный - Тарановка тас жолында Майский кентінің маңында үлкен жол апаты болды. 25 жастағы "Тойота Ланд Крузер" автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, оны аударып алды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апатының салдарынан Рудный қалалық ІІБ патруль-күзет қызметінің жеке ротасының қызметкерлері - 28 жастағы кіші лейтенант Азат Базаров, 29 жастағы полиция старшинасы Біржан Нұрмұхамбетов пен 24 жастағы полиция сержанты Павел Востриков оқиға орнында жан тапсырды. Жүргізуші ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, көлік Рудный қаласындағы бір кәсіпорынға тиесілі. Қазір оқиғаның себептері тексерілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны