27.03.2013, 13:20 3363

Қостанай облысындағы автокөлік апатында төрт адам көз жұмды

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 26 наурыз күні Силантьевка кентіне барар жолда орын алған. "BMW 523i" автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып "Daewoo Nexia" көлігіне соқтығысады. Нәтижесінде екі көлік те жол жиегіне шығып қалды.

Қостанай. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Қостанай - Қарасу тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 26 наурыз күні Силантьевка кентіне барар жолда орын алған. "BMW 523i" автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып "Daewoo Nexia" көлігіне соқтығысады. Нәтижесінде екі көлік те жол жиегіне шығып қалды.

Оқиға орнына Қостанай облысы ІІД тергеу-жедел тобы мен жедел жәрдем машинасы шықты. Апат орнында "Daewoo" көлігінде болған екі ер адам мен екі әйел мерт болды.

"BMW" автомобилінің 26 жастағы жүргізушісі мен көлікте болған 20 жасар жолаушы қыз зардап шеккен жоқ. "BMW" жүргізушісінің айтуынша, апат жолдың нашар көрінуінен болған.

ҚР ҚК 296 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны