17.11.2011, 11:11 4017

Қостанай облысындағы Қазпошта бөлімшесінде өрт шықты

Қостанай облысында Первомайский ауылдық округіндегі "Қазпоштаның" ғимараты өртеніп кетті. Бұл келеңсіз жағдай кеше, таңертең, ауылдық округтегі "Қазпошта" ААҚ-ның бір қабатты пошта ғимаратында болды.

Астана. 17-қараша. Kazakhstan Today - Қостанай облысындағы Қазпошта бөлімшесінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай облысында Первомайский ауылдық округіндегі "Қазпоштаның" ғимараты өртеніп кетті. Бұл келеңсіз жағдай кеше, таңертең, ауылдық округтегі "Қазпошта" ААҚ-ның бір қабатты пошта ғимаратында болды.

Тілсіз жаумен күреске жұмылдырылған ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы оны үш сағат жиырма минутта ауыздықтады.

Жалын жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрайтын пошта ғимаратының 85 шаршы метрін шарпыды. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны