11.06.2009, 09:52 1150

Қостанай облысындағы мектеп әкімшілігіне мектептің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Қостанай облысындағы мектеп әкімшілігіне мектептің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облыстық мектеп әкімшілігіне мектептің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески кентінде 10 маусымда сағат 11.00-де орта мектептің әкімшілігіне мектеп ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті.

32 адам сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны