26.01.2012, 12:49 3210

Қостанай облысындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, екі адам мерт болды

Кеше Қостанай облысының Қамысты ауданына қарасты Қамысты ауылындағы жер үйлердің бірі өртенген. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Астана. 26-қаңтар. Kazakhstan Today - Қостанай облысындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Қостанай облысының Қамысты ауданына қарасты Қамысты ауылындағы жер үйлердің бірі өртенген. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіру барысында 1960 және 1958 жылдары туған екі адамның денелері табылған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 маманы мен 2 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны