30.06.2010, 11:10 2979

Қостанай облысының ауылдарының бірінде кавказ төбеті жас баланы талап өлтірді

"Кешкі сағат 20.00 шамасында кавказ төбеті тұқымына жататын асыранды ит бұғауынан босап кетіп, аулада ойнап жүрген 2008 жылы дүниеге келген баланы қауып алды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қостанай. 30-маусым. Kazakhstan Today Қостанай ауданының Затобольск ауылында 26 маусымда кавказ төбеті екі жасар баланы талап өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Кешкі сағат 20.00 шамасында кавказ төбеті тұқымына жататын асыранды ит бұғауынан босап кетіп, аулада ойнап жүрген 2008 жылы дүниеге келген баланы қауып алды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тергеу барысында анықталғандай, баланы 16 жасар әпкесі баққан. Ал ата-анасы ол кезде жұмыстарында болған.

"Ит балаға атылып, аула бойымен сүйрей жөнелген. Інісінің айғайын естіген қыз бала көшеге жүгіріп шықанымен көмектесуге үлгермеген. Төбет көптеген жерінен қауып алғандықтан алған жарақаттары салдарынан сәби оқиға орнында қайтыс болды. Итті отағасы ауыздықтады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны