24.12.2008, 09:47 1599

Қостанай облысының Тобыл станциясында термикалық күкірт тиелген вагон тұтанды

Қостанай облысының Тобыл станциясында термикалық күкірт тиелген вагон тұтанды

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының Тобыл станциясында термикалық күкірт тиелген вагон тұтанды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23 желтоқсанда сағат 21.00-де Қостанай облысының Таранов ауданы Тобыл темір жол станциясының 37-ші жолында жемдік термикалық күкірт тиелген вагонда 0,5 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 3 адамының көмегімен 21 сағат 33 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны