04.05.2007, 10:36 2643

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты желден ғимараттардың шатырлары бүлінді

АСТАНА. 4-мамыр. Kazakhstan Today. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты желден ғимараттардың шатырлары бүлінді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме мәліметтеріне сәйкес, 2-мамырда Қостанай облысында күшті жел салдарынан (жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен) өнеркәсіптік және тұрғын үй нысандарының (60 әкімшілік ғимарат пен үйлердің, 15 оқу орнының, 2 мәдениет үйінің, 3 емдеу мекемесінің, 2 балабақшаның, 1 жанармай тарату станциясының, 1 мехток, 3 астық қоймасының) шатырлары жұлыгды немесе бүлінді. 12 елдімекеннің электр қамтамасыздығында қысқа мерзімді үзіліс болды. Облыстың қалалары мен аудандарында бүліну мен материалдық шығын көлемін айқындау жөніндегі комиссиялар құрылды.

Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Тайынша қаласында 2-мамырда күшті желден орталық аудандық аурухана мен емхананың шатырлары жартылай жұлынды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны