14.05.2007, 09:06 2416

Қостанайда ағаш шеберханасындағы өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 14-мамыр. Kazakhstan Today. Қостанайда ағаш шеберханасындағы өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өрт сенбіден жексенбіге қараған түні бір жеке меншік цехта шыққан. "250 шаршы метр аумақта шатыр мен қосалқы шаруашылық жайы өртенді",- деп хабарлайды мекеме. Қосалқы шаруашылық жайындағы өртті сөндірген кезде 1960 жылы туған күзетші мен 32 жастағы әйелдің мәйіттері табылды.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндірушілері 4 сағаттан астам уақыт жұмсады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны