12.02.2007, 16:02 2762

Қостанайда бизнесменнің 11 жасар ұлын ұрлағандар құрықталды

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Қостанайда бизнесменнің 11 жасар ұлын төлем алу мақсатында ұрлағандар құрықталды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының криминалдық полиция департаментінен.

Полицяның айтуынша, 5 ақпанда Қостанай облыстық Ішкі істер департаментіне "Универсал" ЖШС-тің 48 жастағы директоры шағымданған. Ол өзінің 11 жасар ұлын бейтаныс адамдардың ұрлап әкетіп, 10 мың АҚШ доллары көлемінде құн талап етіп отырғандығын хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының барысында Қостанай облысының Ішкі істер департаменті мен ҰҚКД қызметкерлері жасөспірімді ұстап отырған жерді анықтаған. Ол қаладағы пәтерлердің бірінде қамалып отырған. Сол жерде 18-жастағы қылмыскер де құрықталды. "Ол өзінің сыбайластары - жәбірленушінің 24-жастағы ағасы мен 22 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны екендігін мәлімдеді", - деп хабарлады полициядан.

Күдіктілердің барлығы да құрықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны