24.01.2012, 13:37 3427

Қостанайда қарт әйелдерді тонап келген қылмыскер ұсталды

Қостанай қаласының №2 сотымен тонаумен айналысқан кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерді ұстауға шара қолдану туралы шешім қабылданды.

Қостанай. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Қостанайда қарт әйелдерді тонап келген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қостанай қаласының №2 сотымен тонаумен айналысқан кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерді ұстауға шара қолдану туралы шешім қабылданды.

Облыстық орталық прокуратурасының берген ақпаратына сәйкес, 1994 жылы туған Ивану Р-ға 4 тонау оқиғасы бойынша айып тағылып отыр. Ол көбінесе егде жастағы әйелдерді тонаған.

Сонымен қатар Қостанай қаласының №2 сотында осы жасөспірімге қатысты 14 қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды.

Күдіктінің қылмысты жиі жасау әрекетіне байланысты Қостанайдың прокуратурасы жасөспірімді қамауға алуға шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны