27.09.2007, 16:26 2747

Қостанайда компьютер ұрламақ болған жасөспірім жігіт бірінші сынып оқушысын өлтірді

Қостанайда компьютер ұрламақ болған жасөспірім жігіт бірінші сынып оқушысын өлтірді


Қостанай. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" – Қостанайда бірінші сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды. "Оны өлтіруге компьютер ұрламақ болған ниеті түрткі болған", - деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 7 жасар баланың денесі кеше өзінің туысқан ағасының пәтерінде табылған. Пәтерден компьютер ұрланғандығы белгілі болды.

Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің бастығы Молдияр Оразәливтің басшылығымен арнайы құрылған жедел-тергеу тобы күдіктіні – 16 жасар жасөспірімді сол күні-ақ қолға түсірген.

Ұсталғанның берген жауаптарына сүйенсек, ол бала тұрып жатқан пәтерге алдап кірген, яғни ол өз құрбанына оның ағасымен бірге келгендігін айқтан. Бала есікті ашқан кезде "күрескен" болып оны тұншықтыра бастаған. "Саша мұның ойын емес екендігін түсініп, жуынатын бөлмеге тығылған. Мен есікті ашып, пышақпен оның арқасына бірнеше соққы бердім. Ол өзін өлтірмеуді өтінді. Мен ас бөлмесіне жүгіріп барып, алдыңғыдан сәл үлкенірек пышақ алып, онымен тағы бір рет соққы бердім",- деді ұсталған полицейлерге.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот-медициналық сараптама баланың өлі денесінен пышықтың он ізін анықтады.

Жасөспірім баланы өлтіргеннен кейін жүйелік блок пен дисклерді алып, ізін суытқан. Ұсталған қылмыскердің анасы полицейлерге, оларды үйінде компьютер бар екендігін, бірақ оның бір айдан бері жұмыссыз тұрғандығын айтқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны