26.10.2009, 09:42 1443

Қостанайда лицейдің жатақханасындағы өрт салдарынан 89 адам сыртқа шығарылды

Қостанайда лицейдің жатақханасындағы өрт салдарынан 89 адам сыртқа шығарылды

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қостанайда лицейдің жатақханасындағы өрт салдарынан 89 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанайда Герцен көшесіндегі қазақ-түрік лицейінің бес қабатты жатақханасында сағат 05.18-де 25 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 89 адам сыртқа шығарылды. Өрт Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 6 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 35 адамының күшімен 6 сағат 41 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны