23.06.2010, 12:42 1553

Қостанайда маршруттық автобус ағашқа соғылып, үш адам зардап шекті

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Туристтранссервис" ААҚ "Даймлер Бенц" автобусының жүргізіушісі № 12 маршрут бойынша жүріп келе жатқан. Солға қарай бұрылмақ болған ол рульге ие бола алмай қалған, соның салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жолдың шетіндегі жол ережесінің белгісі мен ағашқа соғылған".

Қостанай. 23-маусым. Kazakhstan Today - Қостанайда өткен жексенбіде сағат 20.30 шамасында маршруттық автобус ағашқа соғылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Туристтранссервис" ААҚ "Даймлер Бенц" автобусының жүргізіушісі № 12 маршрут бойынша жүріп келе жатқан. Солға қарай бұрылмақ болған ол рульге ие бола алмай қалған, соның салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жолдың шетіндегі жол ережесінің белгісі мен ағашқа соғылған".

Апат салдарынан 1974, 1948 және 1976 жылы туған үш адам зардап шегіп, біреуі ауруханаға жеткізілді.

Автобус жүргізушісінің айтуынша, жол апатына оның "жолын кескен" шетелдік көлік себепші болған.

Аталмыш дерек бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны