09.11.2010, 18:32 4731

Қостанайда тапсырыспен адам өлтірмек болған қылмыскердің жолы кесілді

Қостанайда тапсырыспен адам өлтірмек болған қылмыскердің жолы кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қостанай облысының ІІД сілтеме жасай отырып.

Қостанай. 9 - қараша. Kazakhstan Today - Қостанайда тапсырыспен адам өлтірмек болған қылмыскердің жолы кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қостанай облысының ІІД сілтеме жасай отырып.

ІІД хабарлауынша, Қостанай қаласының ІІБ мен облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері "пайдакүнемдік мақсатпен адам жалдап адам өлтірмек болған қылмысты ашқан".

"Жедел қызметкерлерге, Қостанай қаласының 21 жасар тұрғынының жергілікті 24 жасар кәсіпкерді адам жалдап өлтірмек ниеті туралы жеел ақпарат келіп түседі. Адам өлтіруші ретінде жалданған азамат бұрындары Ресейде осындай қылмысы үшін сотталған Қостанай қаласының 30 жасар тұрғыны",- деп хабарлады Облыстық ІІБ ҰҚКБ бастығы Қайрат Шубаев.

Оның айтуынша, күдікті құны 20 мың АҚШ доллары тұратын джип көлігін сатып алуға ақшасы жетпей, көлік иесін өлтіру арқылы қымбат көлікті иеленбек болған. Жедел қызметкерлердің тиянақты жұмысының арқасында қанды оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалыр, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны