04.04.2011, 14:21 2896

Қостанайда тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты

Қостанайда тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - сәуір. Kazakhstan Today - Қостанайда тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 3-сәуір күні 21.06 Құнай ауылында болған. Жалын сағат 22.54 ауыздықталып, 4-сәуір күні сағат 04.30 өшірілген.

Тілсіз жау 90 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілген. оқиға болған жерден 1979 жылы туған жігіттің денесі табылған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қостанай облысының ТЖД 13 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны