12.09.2007, 18:16 3275

Қостанайда түтік кеспе өнімдерін өндіретін астыртын цех табылды

Қостанайда түтік кеспе өнімдерін өндіретін астыртын цех табылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. ҚОСТАНАЙ. Қостанай прокуратурасы түтік кеспе (макарон) өнімдерін өндіретін астыртын цехты арнайы тексерулер жүргізу барысында тапқан. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қостанай прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлім бастығы Азамат Каналинов хабарлады.

Прокуратура қызметкерінің мәліметтеріне сүйенсек, қостанайдың "Бүркіт" көтерме базарында кәсіпкерлер ғимаратты жалға алып, бесбармаққа арналған жайманың ірі көлемін өндірген. Азық-түлік өнімі "Арай" және "Берек" деген екі сауда белгісімен шығарылған. "Түтік кеспе өндірілетін цехта "Арай" сауда белгісінің 48 556 орам өнімі мен "Береке" сауда белгісінің 2521 орамасы сақталған. Барлығы 78135 орама, олардың жалпы салмағы 15 627 килограмды құрайды",- деді Азамат Каналинов. Ол сондай-ақ "астыртын цехтің иесі рұқсат беретін ешқандай құжат көрсете алмағандығын да" атап өтті. "Есепке алу кітаптары мен жазбалар жүргізілмеген, салықтар бөлінбеген, дайындалып жатқан өнімнің сапасы туралы айту тіптен мүмкін емес",- деді А. Каналинов.

Қостанай облысының техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет басқармасының бас маманы Лора Ким, өз кезегінде, "орама сыртындағы өндіретін орын мүлдем сәйкес емес" екендігін хабарлады. "Онда Алматы деп жазылған. Ал өндіретін жер Қостанайда болса "Қостанай" деп жазылуға тиіс. Кіріс бақылауы, дайын өнімнің сапасын бақылау және зертханада сынау хаттамасы да жоқ", деді ол.

Тексеру көрсетіп отырғандай, барлық өнім қолмен оралып, мемлекеттік стандарттар бойынша тыйым салынған Қытайдың құрылғыларында дайындалған. Ірі көлемдегі дайын орамалар кей жерлерінде алдын-ала әзірлену мерзімі қойылған кәдімгі қаптарда сақталған.

Прокуратураның қызметкерлеріне белгілі болғандай, бұл астыртын цехтың жұмысшылары кәсіпорында өмір сүрген. Олардың арасында Қазақстанда болу мерзімдері өтіп кеткен Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары да бар.

Қазір прокуратура астыртын цехты тексеруді жалғастыруда. Барлық өнімнің республиканың басқа қалаларында сатуға арналғандығы белгілі, бірақ олардың қостанай базарларына да түсуін жоққа шығаруға болмады. "Барлық мүдделі қызметтердің қорытындысынан кейін барлық өнім жойылады, ал кәсіпкер заңның барлық қатаң талаптарымен жазаланады",- деп хабарлады прокуратураның қызметккерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны