30.06.2009, 09:28 2810

Қостанайда жер үйдегі өрт кезінде үш бала қаза тапты

Қостанайда жер үйдегі өрт кезінде үш бала қаза тапты

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда жер үйдегі өрт кезінде үш бала қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Қостанайдағы Баймағамбетов көшесінде болған. Сағат 20.58-де жер үйде 5 шаршы метр аумақта өрт шықты. Соның салдарынан бір және үш жасар екі қыз бала көмірқышқыл газынан уланып, оқиға орнында қаза тапты.

Өрт Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 6 адамының күшімен 21 сағат 06 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны