10.06.2010, 13:03 2505

ҚР аймақтарында өткен тәулікте төрт адам шомылу кезінде суға батып кеткен

Атап айтқанда, Ақмола облысының Целиноград ауданының Максимовка аулында 18.25 47 жастағы жігіт суға батып кеткен. Іздеу жұмыстарын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің судан құтқару қызметі жүргізуде.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - ҚР аймақтарында өткен тәулікте төрт адам шомылу кезінде суға батып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Ақмола облысының Целиноград ауданының Максимовка аулында 18.25 47 жастағы жігіт суға батып кеткен. Іздеу жұмыстарын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің судан құтқару қызметі жүргізуде.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Абай ауданындағы Вольный аулында суға шомылып жүрген 27 жастағы еркек 16.55 суға батып кеткен. Оның денесін 17.50 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің судан құтқару қызметі су астынан алып шықты.

Дәл осы күні Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданының Тоқушын аулындағы жасанды тоғанда суға шомылып жүрген 50 жасар еркек 10.40 суға батып кеткен. Оның денесін жергілікті тұрғындар 13.15 су астынан алып шықты.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, кеше Астана қаласында 30 жасар жігіт 09.00 Есіл өзеніне батып кеткен. Оның денесін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің судан құтқару қызметі 10.32 су астынан алып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны