24.05.2016, 15:03 8018

ҚР Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонын тексеруге барды

Тексеріс кезінде оқу-жауынгерлік даярлық, әскери бөлімдердіӊ жазғы оқыту кезеӊіне әзірлігі мәселелері қаралды. Сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшініӊ қаза болу дерегі егжей-тегжейлі талқыланды

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылдыӊ 24 мамырында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысындағы Сарыөзек гарнизонын тексерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеріс кезінде оқу-жауынгерлік даярлық, әскери бөлімдердіӊ жазғы оқыту кезеӊіне әзірлігі мәселелері қаралды. Сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшініӊ қаза болу дерегі егжей-тегжейлі талқыланды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Оқиғаныӊ себептері жоғарыда аталған бөлім лауазымды адамдарыныӊ әскери қызмет өткеру барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды елемеуі салдарынан болды.

"Идетте, әскерлерде орын алатын қайғылы оқиғаларда қауіпсіздік шараларыныӊ бұзылуы, бақылаудыӊ болмауы және лауазымды адамныӊ немқұрайлығы себепкер болады", - деді сын көзбен көшпелі кеӊес кезінде сөз сөйлеген қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы.

Кеӊесті қорытындылай отырып, Қорғаныс министрі "Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны өте дұрыс және барлық кінәлі адамдар лайықты жазаларын алуы тиіс", - деп ойын түйіндеді.

Тексеріс аяқталғаннан кейін кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданады.

Естеріӊізге сала кетсек, 21 мамыр күні 12740 әскери бөлімінде парк-шаруашылық күні өткізілген болатын. Оныӊ аясында бөлім, ұрыс машиналары паркініӊ аумағында, бөлімшелердіӊ ішінде жұмыстар ұйымдастырылды. Ғимаратты бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде құрылыстыӊ бөлігі опырылып түседі. Соныӊ салдарынан құрылыс элементтерініӊ бірі сол маӊайда тұрған 12740 әскери бөлімініӊ мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Е. Жақашевтіӊ үстіне құлайды. Нәтижесінде қатты жарақаттан әскери қызметші Сарыөзек кентініӊ лазаретінде көз жұмады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны