26.12.2007, 10:53 1637

ҚР өрт салдарынан 4 адам қаза болып 5 адам ауруханаға жеткізілді - ТЖМ

ҚР өрт салдарынан 4 адам қаза болып 5 адам ауруханаға жеткізілді - ТЖМ

Астана. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР өрт салдарынан 4 адам қаза болып, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ ақпараты бойынша, Астанада 25 желтоқсанда сағат 06.59 үй ретінде пайдаланылған гараждың 20 шаршы метрін шарпыған өртті сөндіру кезінде, 3 ересек адамның мәйіті табылды. Тілсіз жау ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен 08.50 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 14 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Астанадағы Кирпичный поселкесінде уақытша үй ретінде қолданылған баспанада орын алған өртті ауыздықтау кезінде, 55 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Өртті ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ қызметінің 10 адамы және екі техникасы қатыстырылды.

Актауда 25 желтоқсанда сағат 21.17 көлік өртке оранып, 5 адам қатты күйікпен ауруханаға жеткізілді. Оның қатарында 6 жастағы бала да бар. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен 22.47 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 7 адам және 1 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны