24.06.2009, 14:39 1266

ҚР СІМ мәліметінше, Ауғанстанда зардап шеккен Қазақстанның үш азаматы аса ауыр жағдайда, ал қалған үшеуі - ауыр жағдайда

ҚР СІМ мәліметінше, Ауғанстанда зардап шеккен Қазақстанның үш азаматы аса ауыр жағдайда, ал қалған үшеуі - ауыр жағдайда

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР СІМ мәліметінше, Ауғанстанда зардап шеккен Қазақстанның үш азаматы аса ауыр жағдайда, ал қалған үшеуі - ауыр жағдайда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлады.

"Емдеу мекемесі басшыларының хабарлауынша, Ауғанстанда зардап шеккен Қазақстанның үш азаматы аса ауыр жағдайда, ал қалған үшеуі - ауыр жағдайда деп бағалануда. Қазір науқастарға Өзбекстанның Республикалық күйік және реаниматология орталығы тарапынан қажетті медициналық көмектер көрсетілуде", - деді І. Омаров.

"ҚР ТЖМ-нің хабарлағанындай, қазір Термезге Апаттық медицина орталығының дәрігерлері мен қажетті медициналық жабдықтарымен еліміздің ұшағын жіберу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Оның айтуынша, Ауғанстан Республикасының аумағында Хайратон қаласының маңындағы мұнай қоймасында 22 маусымда сағат 13.30 -да автоцистернадан жанармай таситын көлікке жанармай құйып жатқан кезде жанармай төгілуінің салдарынан жарылыс болған, соның кесірінен Қазақстанның алты азаматы зардап шекті.

"Кәсіби білікті медициналық қызмет көрсету мүмкінді болмауға байланысты Ауғанстан жағы еліміздің азаматтарын Өзбекстанның Термез қаласындағы емдеу мекемелеріне жеткізуге көмек көрсетуді өзбек жағынан сұраған. Сол күні сағат 22.25-те еліміздің азаматтары Өзбекстан Республикасының Термез қалалық Республикалық шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының Сурхандария облыстық филиалына жеткізіліп, сол жерде дәрігерлік көмек көрсетілген,- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны